Златан Ибрагимович Бельгия-Иран матчында ұйықтап қалғанын айтты
Швеция құрамасының тарихтағы үздік бомбардирі Златан Ибрагимович 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясындағы Бельгия мен Иран арасындағы ойынды қарап отырып ұйықтап қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Матч 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. FOX Sports эфирінде сарапшы ретінде пікір білдірген Ибрагимович кездесудің екінші таймында ұйықтап қалғанын ашық айтты.
«Бірінші таймда ұйықтап кете жаздадым. Ал екінші таймда шынымен ұйықтап қалдым. Бұл ойын туралы көп айтар ештеңе жоқ, кезекті тең ойын болды. Келесі матчтарда не болатынын көреміз», - деді ол.
Ойын АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында өтті.
Осы нәтижеден кейін G тобында Иран мен Бельгия құрамалары екі турдан кейін екі ұпайдан жинады. Топ көшін төрт ұпаймен Египет бастап тұр, ал Жаңа Зеландия бір ұпаймен соңғы орында келеді.
Топтық кезеңнің соңғы турында Иран Египетпен, Бельгия Жаңа Зеландиямен кездеседі. Екі матч та 27 маусымға қараған түні өтеді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған