«Аль-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезушеммен болған жанжалдан кейін команда орналасқан жерден рұқсатсыз кетіп қалғаны үшін өзіне тиесілі жазасын алды, деп хабарлайды Евро-Футбол.Ру, деп хабарлайды malimsports.kz.
Португалия футбол федерациясының Дисциплинарлық кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес, ұлттық құрама капитаны 255 еуро көлемінде айыппұл төлеп, 30 күнге дисквалификацияға ұшырайды.
Алайда бұл жаза 41 жастағы футболшының қараша айында өтетін Дания және Уэльске қарсы маңызды матчтарға қатысуына кедергі келтірмейді, өйткені дисквалификация мерзімі ол ойындарға дейін аяқталады.
Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия сапында барлық турнирлерде 234 матч өткізіп, 146 гол мен 45 нәтижелі пас авторы атанған. Ол – Еуропа чемпионы және УЕФА Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы.