TNT Sports журналистері 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына басты үміткерлердің өз нұсқасын ұсынды. Рейтингтің көш басында мюнхендік «Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн тұр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тізімнің екінші сатысына «Барселона» мен Испания құрамасының 19 жастағы жарық жұлдызы Ламин Ямаль жайғасса, үздік үштікті «Интер Майамидің» 39 жастағы тәжірибелі шабуылшысы Лионель Месси түйіндеп тұр.
Сонымен қатар, марапатқа үміткерлердің үздік ондығына мына ойыншылар енді:
Хвича Кварацхелия («ПСЖ»)
Килиан Мбаппе («Реал»)
Усман Дембеле («ПСЖ»)
Родри («Барселона»)
Фабиан Руис («ПСЖ»)
Майкл Олисе («Бавария»)
Деклан Райс («Арсенал»)
«Алтын допты» салтанатты түрде табыстау рәсімі қазан айының 26-сы, дүйсенбі күні өтеді деп жоспарланған.