Мадридтік «Реалдың» ішкі ас-ақауы мен бапкерлер штабындағы жағдай испан баспасөзектерінің басты назарында қалып отыр. Жозе Моуринью командаға қайта оралып, маусымды бастағанымен, корольдік клуб басшылығы кез келген жағдайға дайын болуға тырысуда, деп хабарлайды malimsports.kz.
esRadio басылымының журналисі Серхио Валентин мен әріптесі Хорхе Пиконның мәліметінше, «Реал» президенті Флорентино Перес команда нәтижесі күрт нашарлаған жағдайда команда тізгінін кімге сеніп тапсыратынын алдын ала шешіп қойған. Бұл қызметке басты үміткер ретінде тәжірибелі маман Дидье Дешам аталып отыр.
Бүгінгі таңда Ла Лигада тоғыз турдан кейін көш басынан 6 ұпайға қалып қойған мадридтіктер турнир кестесінде үшінші орында келеді. Алда «Барселонаға» қарсы өтетін жауапты «эль класико» ойыны қарсаңында клуб президенті мен жақын айналасы осындай шұғыл қадамдарды талқылаған. Егер «Ерекше жан» (Special One) бұл дағдарыстан шығып, команда ойын өрнегін тұрақтандыра алмаса, Перес франциялық бапкерді шақыруға толықтай дайын көрінеді.