457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026-ның ең үздік голы анықталды

FIFA мәліметінше, Лопеш бұл матч алдында алаңға шықпас бұрын аргентиналық жұлдыз Лионель Мессимен суретке түсуді жоспарлаған.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы ең үздік голдың авторы белгілі болды. Бұл марапат Кабо-Верде құрамасының қорғаушысы Сидни Лопеш Кабралға бұйырды, деп хабарлайды malimsports.kz

23 жастағы футболшы FIFA тағайындайтын Hyundai Goal of the Tournament сыйлығын жеңіп алды. Ол турнирдің 1/16 финалында Аргентина қақпасына керемет гол соғып, жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасына ие болды.

FIFA мәліметінше, Лопеш бұл матч алдында алаңға шықпас бұрын аргентиналық жұлдыз Лионель Мессимен суретке түсуді жоспарлаған. Алайда кездесу оның мансабындағы ерекше сәтке айналып, әлем чемпионатының ең үздік голын соқты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Сидни Лопеш Кабрал Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов пен Гаити құрамасының ойыншысы Вильсон Исидордан басым түсті. Олар сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.

Фото: instagram.com/sidnylc