457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Инфантино ӘЧ-2026-дағы қызыл қағазға қатысты дауға пікір білдірді

Сондай-ақ ол ФИФА-ны «жалған ақпарат таратып, негізсіз сын айтатындардан» қорғайтынын мәлімдеді.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде туындаған даулы төрешілік шешімдер мен сын-пікірлерге қатысты өз ойын айтты, деп жазады malimsports.kz

Инфантино Instagram желісіндегі парақшасында көлемді жазба жариялап, АҚШ, Канада және Мексикада өткен әлем чемпионатын «әлемдегі ең үздік футбол шоуы» деп бағалады. Сондай-ақ ол ФИФА-ны «жалған ақпарат таратып, негізсіз сын айтатындардан» қорғайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарыс кезінде балалар мен ересектердің, отбасылардың бір арнаға тоғысып, футболдың мерекесін бірге сезінуі турнирдің басты жетістігі болған.

ФИФА басшысы чемпионат барысында қызыл және сары қағаздарға, сондай-ақ кейбір футболшылардың дисквалификациясының күшін жоюға байланысты туындаған дауларға да тоқталды.

«Даулы төрешілік шешімдер немесе ойыншыларды белгілі бір жағдайларда жарыстан шеттетпеу – әлемнің көптеген жетекші футбол лигаларында кездесетін қалыпты тәжірибе. Бір қызығы, дәл осындай тәжірибені өз елдерінде қолданатындар бізді осы үшін сынап жатыр», - деді Инфантино.

Сонымен қатар, ол Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысуын атап өтіп, ФИФА-ның спорт арқылы елдерді жақындастыруға бағытталған жұмысына жоғары баға берді.

Еске салайық, әлем чемпионаты кезінде ФИФА-ның тәртіптік комитеті АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунның дисквалификациясын шартты түрде тоқтатып, оған Бельгияға қарсы 1/8 финал матчына қатысуға мүмкіндік берген еді. Бұған дейін ол Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуде қызыл қағаз алған болатын.

Бұл шешімнен кейін АҚШ президенті Дональд Трамп ФИФА-ға «өрескел әділетсіздікті түзеткені үшін» алғыс білдірсе, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) ұйымның әрекетін сынға алып, ФИФА-ны «рұқсат етілген шектен шықты» деп айыптады.

Фото: Getty Images