Жапония Тунисті әлем чемпионатынан шығарып тастады
Жапония құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турында Тунисті 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесуде жапон футболшылары толық басымдық танытты. Голдардың авторлары қатарында Дайти Кamada (4-минут), Аясэ Уэда (31), Дзюнъя Ито (69) және Кейсуке Гото (85) болды.
Осы жеңілістен кейін Тунис құрамасы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толық айырылды. Африкалық команда алғашқы турда Швециядан 1:5 есебімен жеңілсе, енді Жапонияға да ірі есеппен жол берді. Екі ойыннан кейін Тунис бірде-бір ұпай жинай алған жоқ.
Тунис үшін Нидерланд пен Швеция арасындағы параллель өткен матчтың нәтижесі де шешуші рөл атқарды. Нидерланд құрамасы қарсыласын 5:1 есебімен жеңіп, тунистіктердің тіпті үздік үшінші орын арқылы келесі кезеңге шығу мүмкіндігін де жоққа шығарды.
Айта кетейік, алғашқы турдағы сәтсіздіктен кейін Тунис футбол федерациясы бас бапкер Сабри Ламушимен қоштасып, оның орнына Эрве Ренарды тағайындаған болатын. Осылайша әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет құраманың бас бапкері алғашқы ойыннан кейін қызметінен босатылды.
Сондай-ақ бұл матч әлем чемпионаттары тарихындағы 1000-шы кездесу ретінде тіркелді. Алғашқы әлем чемпионаты ойыны 1930 жылдың 13 шілдесінде Франция мен Мексика құрамалары арасында өтіп, француздар 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Екі турдан кейін F тобында Нидерланд құрамасы 4 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейін Швеция мен Жапонияның еншісінде 3 ұпайдан болса, Тунис соңғы орында қалып отыр.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған