457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ямаль Месси секілді 40 жасқа дейін ойнау мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Қазір 38 жастағы Лионель Месси әлемдегі ең көп жүлде жеңіп алған футболшы саналады.

«Барселона» клубы мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль аргентиналық жұлдыз Лионель Месси секілді ұзақ әрі табысты мансап құрудың қаншалықты қиын екенін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz

El Pais басылымына берген сұхбатында 18 жастағы футболшы өзінің әлі де дамып, ойынын жетілдіре алатынын атап өтті. Алайда Мессидің деңгейіне жетіп, оның жолын қайталау оңай емес екенін мойындады.

Ямальға «Месси сияқты 40 жасқа дейін ойнай аласыз ба?» деген сұрақ қойылғанда, ол үш рет қатарынан: «Мүмкін емес», – деп жауап берген.

«Мүмкін, сол жасқа дейін футбол ойнайтын шығармын. Бірақ дәл осындай жоғары деңгейде өнер көрсету өте-өте қиын. Ол үшін керемет мотивация қажет. Мен үшін Месси – тарихтағы ең үздік футболшы және ол мұны әлі де дәлелдеп келеді. Оның өзгелерден артықшылығы бар», - деді Ямаль.

Қазір 38 жастағы Лионель Месси әлемдегі ең көп жүлде жеңіп алған футболшы саналады. Ол мансабындағы алтыншы әлем чемпионатына қатысып жатыр. Алжир құрамасына қарсы матчта хет-трик жасап, әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Мирослав Клозенің рекордын (16 гол) қайталады.

Мессидің «Интер Майами» клубымен жасасқан келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

Ал Ламин Ямаль аяқталған клубтық маусымда «Барселонаның» үздік сұрмергені атанып, 24 гол соқты.

Әлем чемпионатындағы келесі матчында Испания құрамасы 21 маусымда Сауд Арабиясымен кездессе, Аргентина 22 маусым күні Аустрия құрамасына қарсы ойнайды.

Фото:  Getty Images