Үш тең ойын – тарихи жолдама: Кабо-Верде алғаш рет плей-оффқа шықты
Кабо-Верде ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында алғаш рет плей-офф кезеңіне жолдама алып, өз тарихындағы ең үлкен жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Топтық кезеңнің соңғы турында Кабо-Верде Сауд Арабиясы құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Команданың тәжірибелі қақпашысы Возинья матч бойы қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Бұл – Кабо-Верденің әлем чемпионатындағы алғашқы қатысуы. Дебютант құрама топтық кезеңде Испаниямен 0:0, Уругваймен 2:2 есебімен тең түсіп, сенсациялық нәтижелер көрсетті.
Үш матчтан кейін үш ұпай жинаған Кабо-Верде H тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты.
Топ жеңімпазы атанған Испания құрамасы соңғы турда Уругвайды жеңіп, келесі кезеңге бірінші орынмен жолдама алды.
Фото: depositphotos/ thenews2.com©
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған