457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Уругвайлық футболшы әлем чемпионатында ауыр жарақат алды

25 жастағы футболшы Испанияға қарсы матч кезінде сол жақ тізесінің байламдарын зақымдаған.

Уругвай құрамасы мен Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Мануэль Угарте 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Уругвай футбол федерациясының мәліметінше, 25 жастағы футболшы Испанияға қарсы матч кезінде сол жақ тізесінің байламдарын зақымдаған. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық тексерулер оның тізе байламдарына зақым келгенін көрсеткен. Жарақаттың нақты сипаты қосымша тексерулерден кейін анықталады.

Угарте жарақатты кездесудің 45-минутында алды. Ол Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Педриден допты қағып әкетуге ұмтылған сәтте сәтсіз қонып, ауыр жарақаттанды. Футболшы алаңнан зембілмен шығарылды.

Уругвайлық журналист Родри Васкестің мәліметінше, Угарте тізесінің алдыңғы айқаспалы байламын үзген. Алдағы уақытта ол Еуропаға оралып, «Манчестер Юнайтед» клубының дәрігерлерінің бақылауымен оңалту курсынан өтеді.

Мануэль Угарте 2024 жылдан бері «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол команда құрамында 24 матчқа қатысты. Бұған дейін француздың «Пари Сен-Жермен» клубында ойнап, Франция чемпионатының, Франция кубогының және Суперкубогының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ Португалияның «Спортинг» клубымен Португалия лига кубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, Уругвай құрамасы әлем чемпионатының H тобында үш ойыннан кейін екі ұпай ғана жинап, үшінші орынмен жарысты аяқтады. Команда Сауд Арабиясы және Кабо-Вердемен тең түсіп, Испаниядан жеңіліс тауып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Фото: Getty Images