457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп әлем чемпионаты жеңімпазына кубок табыстауы мүмкін

Ақ үйде журналистермен кездескен Трамп ФИФА басшысының ұсынысын растады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның өзінен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазына кубок табыстауды сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ақ үйде журналистермен кездескен Трамп ФИФА басшысының ұсынысын растады.

«Менің ойымша, Джанни өз жұмысын өте жақсы атқарып жатыр. Иә, ол менен кубокты табыстауды сұрады», – деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Джанни Инфантино әлем чемпионатының финалдық матчын АҚШ президентімен бірге тамашалайтынын және жеңімпаз командаға жүлдені бірге табыстайтынын айтқан болатын.

«Біз президентпен бірге финалды тамашалаймыз және, әрине, жеңімпазға кубокты бірге табыстаймыз», – деген еді ФИФА басшысы.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Турнир тарихында алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысып жатыр. Финалдық кездесу әлемдік спорттағы ең маңызды оқиғалардың бірі саналады.

Фото: Getty Images