457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Төрт әлем чемпионатына қатысқан Мексика құрамасының қақпашысы мансабын аяқтады

41 жастағы Гильермо Очоа футбол тарихында алты әлем чемпионатының құрамына енген санаулы ойыншылардың бірі атанды.

Мексика құрамасының қақпашысы Гильермо Очоа кәсіби футболдағы мансабын аяқтағанын әлеуметтік желідегі X парақшасында мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz.

«Арманымның мені қайда жетелейтінін ешқашан елестеткен емеспін. Бүгін өткен жолыма мақтанышпен қарап, тек алғыс айтқым келеді. Отбасыма рақмет. Командаластарыма рақмет. Осы жолдың әр кезеңінде жанымнан табылған әрбір жанкүйерге рақмет. Миллиондаған адамның махаббатын және Мексика үшін бар күшімді сарқа жұмсағаныма деген жан тыныштығын өзіммен бірге алып барамын. Біз бастан өткерген сәттерді ешкім тартып ала алмайды. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын», - деп жазды Очоа.

41 жастағы Гильермо Очоа футбол тарихында алты әлем чемпионатының құрамына енген санаулы ойыншылардың бірі атанды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Лионель Месси мен Криштиану Роналдумен теңесті. Алайда 2006 және 2010 жылғы әлем чемпионаттарында Мексика құрамасының өтініміне енгенімен, алаңға шыққан жоқ.

Ал 2014, 2018, 2022 және 2026 жылғы әлем чемпионаттарында барлығы 12 матч өткізіп, ұлттық құраманың негізгі қақпашысы болды.

Очоа Мексика құрамасы сапында 154 матч өткізіп, алты рет КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Клубтық мансабында кипрлік АЕЛ, Мексиканың Америка, Испанияның Малага және Гранада, Италияның Салернитана, Португалияның Авеш, Францияның Аяччо және Бельгияның Стандард клубтарының намысын қорғады.

Фото: Getty Images