Швейцария құрамасы 88 жылдан кейін әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті
Швейцария құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжирді 2:0 есебімен жеңіп, қатарынан төртінші рет турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Канаданың Ванкувер қаласында өткен кездесуде швейцариялықтардың жеңісіне Брил Эмболо мен Дан Ндойе гол соқты. Эмболо 10-минутта есеп ашса, Ндойе 46-минутта басымдықты еселей түсті.
Осылайша Швейцария құрамасы әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңінде 1938 жылдан бері алғаш рет жеңіске жетіп, 88 жылға созылған сәтсіз сериясын тоқтатты. Сондай-ақ швейцариялықтар өз тарихында алғаш рет бір әлем чемпионатында қатарынан үш матчта жеңіске жетті.
Енді Мурат Якин жаттықтыратын команда ширек финал жолдамасын Колумбия мен Гана арасындағы матчтың жеңімпазымен сарапқа салады.
Айта кетейік, Алжир құрамасының қақпасын француз футболының аңызы Зинедин Зиданның ұлы Лука Зидан қорғады. Ал Алжирдің бас бапкері Владимир Петкович 2014–2021 жылдар аралығында Швейцария құрамасын жаттықтырған. Өз кезегінде Швейцарияның қазіргі бас бапкері Мурат Якин 2014–2015 жылдары Мәскеудің «Спартак» клубында жұмыс істеген.
Швейцария мен Алжир құрамалары ресми турнир аясында алғаш рет кездесті. Бұған дейін олар 1980-жылдары екі жолдастық матч өткізіп, екі кездесуде де Швейцария жеңіске жеткен еді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған