457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Швейцария құрамасы 72 жылдан кейін әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, швейцариялық футболшылар 4:3 есебімен басым түсті.

Швейцария құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Колумбияны жеңіп, 1954 жылдан бері алғаш рет турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Канаданың Ванкувер қаласындағы «Би-Си Плэйс» стадионында өткен кездесудің негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталып, швейцариялық футболшылар 4:3 есебімен басым түсті.

Енді Швейцария ширек финалда бұған дейін Мысырды 3:2 есебімен жеңген Аргентина құрамасымен кездеседі. Айта кетейік, Швейцария 1/16 финалда Алжирді жарыс жолынан шығарса, Колумбия Гананы жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.

Бұл Швейцария құрамасының қатарынан алтыншы әлем чемпионаты. Команда бұған дейін ширек финалға соңғы рет 1954 жылы өз жерінде өткен әлем біріншілігінде шығып, сол кезеңде Аустриядан 5:7 есебімен жеңілген еді.

Ал Колумбия үшін бұл әлем чемпионатындағы жетінші қатысу болды. Команданың ең үздік нәтижесі - 2014 жылғы әлем чемпионатындағы ширек финал. 2018 жылы колумбиялықтар 1/8 финалда Англияға пенальти сериясында есе жіберсе, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ала алмаған.

Осы матчқа дейін Колумбия Швейцариямен өткізген соңғы төрт кездесудің тек біреуінде ғана жеңіліп, екі рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түскен болатын. Оның ішінде 1994 жылғы әлем чемпионатында оңтүстікамерикалықтар 2:0 есебімен басым түскен.

Фото:  Getty Images