457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Суперкомпьютер әлем чемпионатының басты фаворитін атады

Opta статистикалық порталы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазына қатысты жаңартылған болжамын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Суперкомпьютердің есебінше, турнирдің басты фавориті – Франция ұлттық футбол құрамасы. Француздардың әлем чемпионы атану ықтималдығы 18,58 пайыз деп бағаланған.

Бұған дейін рейтингте көш бастап келген Аргентина құрамасы екінші орынға сырғыды. Қазіргі есеп бойынша аргентиналықтардың чемпиондыққа жету мүмкіндігі 16,00 пайызды құрайды.

Үшінші орында Испания құрамасы тұр. Суперкомпьютер испандардың әлем чемпионы атану ықтималдығын 12,56 пайыз деп көрсеткен.

Айта кетейік, аталған үш құрама да өз топтарында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған.

1/16 финалда Франция 1 шілдеде Швециямен, Испания 3 шілдеде Австриямен, ал Аргентина 4 шілдеде Кабо-Вердемен кездеседі.

 

Фото: Mandel NGAN - Pool / Getty Images