Роберто Мартинес Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Португалия ұлттық құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатындағы соңғы матчтан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Португалиялықтар әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасына 0:1 есебімен есе жіберіп, турнирмен қоштасты. Кездесудегі жалғыз голды екінші таймға қосылған алғашқы минутта Микель Мерино соқты.
Ойыннан кейін Роберто Мартинес жергілікті Record басылымына берген сұхбатында әлем чемпионы атану мақсатымен келгенін, ал бұл міндет орындалмағандықтан қызметін жалғастырудың мәні жоқ екенін айтты.
«Мен Португалияға әлем чемпионатын жеңу үшін келдім. Бұл мақсатқа жете алмаған соң, әрі қарай жұмыс істеудің қажеті жоқ деп есептеймін. Енді федерация басшылығы жаңа бас бапкерді таңдауға мүмкіндік алады. Президент менің жұмысыма әрдайым қолдау көрсетті, бірақ келісімшартым бүгін аяқталды», - деді Мартинес.
Роберто Мартинес Португалия құрамасын 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2025 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған еді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған