457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рабьо Франция құрамасының үшінші орын үшін өткен матчтағы ойынын «масқара» деп атады

Ол клубтық деңгейде футболшы «Милан» сапында өнер көрсетеді.

2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын үшін болған матчта Франция құрамасы Англиядан 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші таймнан кейін команда 0:4 есебімен ұтылып жатқан болатын, деп жазады malimsports.kz
Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо өз командасының ойынын масқара деп атап, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін өткен матчтағы серіктестерінің әрекетін сынға алды. Бұл туралы BeIN Sports жазды. 

«Біз бірінші таймды өте масқара бастадық. Кейбір ойыншылар өмірде көрмегендей әрекеттер жасады. Бұл біраз көңілді қалдырады, өйткені бұл турнирде өзімізді жақсы қырдан көрсете алатын ең соңғы матч еді. Үзілісте есімізді жиып, сөйлестік, бір-бірімізге ең құрығанда кішкене болсын намыс көрсету керектігін айттық, екінші таймда жағдай айтарлықтай жақсарды», - деді Рабьо. 

Рабьо Франция құрамасы үшін барлығы 66 кездесу өткізіп, жеті гол соққан. Клубтық деңгейде футболшы «Милан» сапында өнер көрсетеді.
ӘЧ-2026 финалында қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы мен Испания командасы кездеседі. Матч 19 шілдеде Нью-Джерсиде өтеді.

Фото: