2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында алғашқы ірі сәтсіздіктердің бірі тіркелді. Түркия ұлттық құрамасы топтық кезең аяқталмай жатып-ақ плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Винченцо Монтелла баптайтын команда D тобындағы екінші матчында Парагвайға 0:1 есебімен жол берді. Бұл кездесуде турнир тарихындағы ең жылдам голдардың бірі соғылып, матч тағдырын шешті.
Осылайша, түрік футболшылары әлем чемпионатындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін олар Аустралия құрамасына 0:2 есебімен есе жіберген болатын.
Екі турдан кейін Түркия құрамасының еншісінде бірде-бір ұпай жоқ. Сондықтан соңғы ойында АҚШ-ты жеңген күннің өзінде, өзара кездесулер көрсеткіші бойынша Аустралия мен Парагвайдан оза алмайды.
Қазіргі таңда D тобында АҚШ құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын қамтамасыз етсе, Аустралия мен Парагвай келесі кезеңге шығатын екінші жолдама үшін таласады.
Айта кетейік, Түркия әлем чемпионаттары тарихында тек бір рет – 2002 жылы плей-оффқа шығып, сол турнирде қола медаль жеңіп алған еді.
фото: Stu Forster/Getty Images