Мәзір
ӘЧ-2026

Португалия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Сабина Асқарқызы 104 қаралым
Португалия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия құрамасы Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Канаданың Торонто қаласында өткен кездесуде алғашқы болып есепті Хорватия құрамасы ашты. Матчтың 53-минутында Иван Перишич мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.

Алайда 68-минутта Португалия капитаны Криштиану Роналду пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал ойынның негізгі уақытына қосылған төртінші минутта Гонсалу Рамуш жеңіс голын соғып, португалиялықтарды келесі кезеңге алып шықты.

Кездесудің 90+13-минутында Хорватия қорғаушысы Йошко Гвардиол есепті теңестіргендей болғанымен, бас төреші – норвегиялық Эспен Эскос VAR көмегімен эпизодты қарап, офсайд тіркелуіне байланысты голды есепке алмады.

Осылайша, Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алып, келесі кезеңде Испания құрамасымен кездесетін болды. Аталған матч әлем чемпионатының ең тартысты қарсыластықтарының бірі болады деп күтілуде, өйткені екі команда да турнирдің басты фавориттері саналады.

Фото: Gettyimages

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар