457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Португалия – Өзбекстан: бүгінгі күннің матчтар кестесі

23 маусымнан 24 маусымға қараған түні АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында төрт кездесу өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Күннің ең басты ойыны Орталық Азия жанкүйерлері үшін Португалия мен Өзбекстан құрамалары арасындағы матч болмақ. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Бірінші турда Португалия күтпеген жерден ДР Конгомен 1:1 есебімен тең түсіп, ұпай жоғалтқан. Ал Өзбекстан Колумбиядан 1:3 есебімен жеңіліп, енді келесі кезеңге өту мүмкіндігін сақтау үшін маңызды ұпайға таласады.

Түнгі 01:00-де Англия мен Гана кездеседі. Англия алғашқы ойында Хорватияны 4:2 есебімен жеңсе, Гана Панамадан басым түскен болатын. Бұл матчтың жеңімпазы плей-офф кезеңіне жолдама алуға жақындайды.

04:00-де Панама мен Хорватия ойнайды. Екі команда да алғашқы турдағы сәтсіздіктен кейін жағдайын түзетуге тырысады.

Ойын күнін Колумбия мен ДР Конго арасындағы матч түйіндейді. Колумбия Өзбекстанды жеңіп бастаса, ДР Конго Португалиямен тең түсіп, сенсация жасаған еді.

 

Фото:  ©Depositphotos/thenews2.com