457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Плей-оффқа шыға алмаған Оңтүстік Кореяның бапкері отставкаға кетті

57 жастағы маман жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Оңтүстік Корея футбол құрамасының бас бапкері Хон Мен Бо 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз өнерден кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

57 жастағы маман жанкүйерлерден кешірім сұрап, команданың плей-офф кезеңіне шыға алмағаны үшін жауапкершілікті толық өз мойнына алатынын айтты.

«Бүгіннен бастап Оңтүстік Корея ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кетемін. Ұлттық құраманы қолдап келген жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз күткен нәтижеге жете алмадық және бұл үшін толық жауапкершілік маған жүктеледі», - деді Хон Мен Бо.

Айта кетейік, оның келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген болатын.

2026 жылғы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея құрамасы топтық кезеңде үш ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды. Команда Чехияны 2:1 есебімен жеңгенімен, Мексика (0:1) мен Оңтүстік Африка Республикасына (0:1) есе жіберіп, плей-офф кезеңіне өте алмады.

Оңтүстік Корея әлем чемпионатына 12 рет қатысқан алғашқы Азия құрамасы ретінде тарихқа енген. Биылғы мундиаль олар үшін қатарынан 11-ші әлем чемпионаты болды.

Фото: Getty Images