Перуде әлем чемпионаты кезінде 559 нәрестеге Эрлинг Холандтың есімі берілді
Футболдан әлем чемпионаты кезінде Перуде туған 559 нәрестеге Норвегия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Эрлинг Холандтың құрметіне есім берілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Перу елінің азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің мәліметінше, 468 сәбиге «Холанд», ал 91 нәрестеге «Эрлинг Холанд» деген есім қойылған.
Тіркеу қызметінің өкілі Иван Торрестің айтуынша, әлемге танымал футболшылар перулік ата-аналарды балаларына есте қаларлық әрі танымал есім беруге шабыттандырады.
Статистикаға сәйкес, Холандтың құрметіне қойылған есімдердің басым бөлігі әлем чемпионаты басталған алғашқы күндері тіркелген. Ал Норвегия құрамасы сенсациялық түрде ширек финалға шыққаннан кейін мұндай есімдердің саны күрт артқан.
Айта кетейік, Эрлинг Холанд 2026 жылғы әлем чемпионатында бес матч өткізіп, жеті гол соқты және Норвегия құрамасының турнирдегі сәтті өнер көрсетуіне зор үлес қосты.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған