457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Пау Кубарси әлем чемпионаты қарсаңында Карлес Пуйольдің қандай кеңес бергенін айтты

Испания құрамасының қорғаушысы Пау Кубарси ұлттық команданың аңыз ойыншысы Карлес Пуйоль өзіне қандай кеңес бергенін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кубарсидің айтуынша, әлем чемпионаты алдында олар арнайы сөйлеспегенімен, бұған дейін бірнеше рет байланысып, тәжірибелі қорғаушыдан ақыл-кеңес алған.

«Әлем чемпионаты алдында онымен тікелей сөйлескен жоқпын, бірақ бұған дейін ондай мүмкіндік болған. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз және қажет кезде оған жүгіне аламын. Ол маған көп көмектеседі. Маған ешқашан мойымауды, өз болмысымды жоғалтпауды айтады. Әлі жас екенімді, үнемі дамып, өзімді жетілдіріп отыру керегін еске салады. Ең бастысы – сабыр сақтауды үйретеді», – деді Кубарси.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Испания құрамасы бүгін Кабо-Верде құрамасымен кездеседі. Матч елорда уақытымен 21:00-де өтеді. Сондай-ақ Испания топтық кезеңде Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен ойнайды.

 

фото: Александр ФЕДОРОВ, "СЭ"