457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Пас бермеді": Роналду әлем чемпионатындағы алғашқы матчында екі антирекорд тіркеді

41 жастағы футболшы ірі халықаралық турнирлердегі голсыз сериясын 10 матчқа дейін ұзартты.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында бірден екі жеке антирекордтың авторы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

41 жастағы футболшы ДР Конго құрамасына қарсы өткен кездесуде гол соға алмай, ірі халықаралық турнирлердегі голсыз сериясын 10 матчқа дейін ұзартты. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Роналду соңғы рет ұлттық құрамалар арасындағы ірі турнирде 2022 жылдың 24 қарашасында көзге түскен болатын. Ол кезде Қатарда өткен әлем чемпионатында Гана құрамасының қақпасына пенальтиден гол соғып, Португалияның 3:2 есебімен жеңіске жетуіне көмектескен еді. Содан бері португалиялық шабуылшы әлем және Еуропа чемпионаттарында 10 матч өткізгенімен, қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады.

Сонымен қатар ДР Конгоға қарсы ойында Роналду небәрі 25 рет допқа жанасқан. Бұл – оның әлем және Еуропа чемпионаттарындағы толық матчтар арасындағы ең төменгі көрсеткіші.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты Роналдудың мансабындағы алтыншы мундиаль болып отыр. Осы көрсеткіш бойынша ол Аргентина құрамасының жұлдызы Лионель Мессимен теңесті. Сонымен қатар тәжірибелі шабуылшы қазіргі турнирде гол соқса, әлем чемпионаттарының алты бірдей додасында мергендік танытқан алғашқы футболшы атануы мүмкін.

Бұған қоса, Роналду әлем чемпионаттары тарихындағы негізгі құрамда алаңға шыққан ең егде жастағы алаң ойыншысы ретінде тіркелді.

Португалия құрамасы К тобына түскен. Топтық кезеңдегі келесі матчтарын 23 маусымда Өзбекстанға қарсы, ал 28 маусымда Колумбия құрамасына қарсы өткізеді.

Әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.

Фото: Getty Images