Мәзір
ӘЧ-2026

Өзбекстандық футболшы әлем чемпионатында тарихи рекорд орнатты

Сабина Асқарқызы 63 қаралым
Өзбекстандық футболшы әлем чемпионатында тарихи рекорд орнатты

Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубында өнер көрсететін Өзбекстан құрамасының ойыншысы Аббосбек Файзуллаев 2026 жылғы әлем чемпионатында ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Топтық кезеңнің алғашқы турында Өзбекстан құрамасы Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілгенімен, команданың жалғыз голын соққан Аббосбек Файзуллаев тарихи рекордтың авторы атанды.

22 жастағы жартылай қорғаушы қарсылас қақпасын баспен дәл көздеп, әлем чемпионаттары тарихындағы ерекше көрсеткішті жаңартты.

Opta Sports мәліметінше, бойы 167 сантиметр болатын Файзуллаев XXI ғасырда әлем чемпионатында баспен гол соққан ең аласа бойлы футболшы атанды. Осылайша ол соңғы 25 жылдағы мундиальдарда тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты.

Жеке жетістікке қарамастан, Өзбекстан құрамасы алғашқы ойында ұпай ала алмады. Енді команда топтық кезеңдегі келесі кездесуін Португалияға қарсы өткізеді.

Матч 23 маусым күні өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.

 

Фото: Uzbekistan Football Association

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар