457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан құрамасы Колумбиядан ірі есеппен жеңілді

Кездесудің бірінші таймында колумбиялықтар басымдық танытып, 41-минутта Даниэль Муньос есеп ашты.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Өзбекстан құрамасы Колумбияға 1:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесудің бірінші таймында колумбиялықтар басымдық танытып, 41-минутта Даниэль Муньос есеп ашты. Үзілістен кейін өзбекстандықтар шабуылды үдетіп, 60-минутта Аббосбек Файзуллаев таразы басын теңестірді. Бұл гол Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы добы ретінде тіркелді.

Алайда қуаныш ұзаққа созылған жоқ. Араға бес минут салып Луис Диас Колумбияны қайтадан алға шығарды. Матч соңында өзбекстандықтар есепті теңестіруге тырысқанымен, қосымша уақытта Йейсон Кампас тағы бір гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған Өзбекстан құрамасы турнирді жеңіліспен бастады. Дегенмен Аббосбек Файзуллаевтың тарихи голы ұлттық футбол тарихындағы маңызды сәттердің бірі ретінде есте қалды.

Фото: gettyimages