Opta суперкомпьютері әлем чемпионаты финалының фаворитін атады
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы қарсаңында Opta суперкомпьютері турнир жеңімпазына қатысты жаңартылған болжамын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аналитикалық модельдің бағалауынша, шешуші матчтың фавориті – Испания құрамасы. Opta дерегіне сәйкес, испаниялықтардың әлем чемпионы атану ықтималдығы 56,31 пайызды құрайды. Ал қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасының титулын сақтап қалу мүмкіндігі 43,69 пайыз деп бағаланған.
Екі команда да жартылай финалда сенімді ойын көрсетті. Испания Францияны 2:0 есебімен жеңіп, финалға шықса, Аргентина Англиядан 2:1 есебімен басым түсті.
Әлем чемпионатының финалы 20 шілдеде өтеді. Турнир 11 маусымнан бері АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылып жатыр.
Айта кетейік, Аргентина – әлемнің қазіргі чемпионы. Лионель Месси бастаған команда 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальтилер сериясында жеңіп (негізгі уақыт – 3:3, пенальти – 4:2), үшінші мәрте әлем чемпионы атанған болатын.
Фото: Gongora/NurPhoto via Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған