Мәзір
ӘЧ-2026

Opta әлем чемпионатының ширек финалындағы барлық фаворитті атады

Сабина Асқарқызы 58 қаралым
Opta әлем чемпионатының ширек финалындағы барлық фаворитті атады

Opta суперкомпьютері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы барлық жұпқа болжам жасап, жартылай финалға шығу ықтималдығын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Статистикалық модельдің бағалауынша, ширек финалдағы ең айқын фаворит – Франция ұлттық футбол құрамасы. Дидье Дешам шәкірттерінің Мароккодан басым түсу мүмкіндігі 74 пайыз деп көрсетілген.

Ал ширек финалдағы ең тартысты кездесу Англия мен Норвегия құрамалары арасында өтеді деп болжанып отыр. Opta мәліметінше, ағылшындардың келесі кезеңге шығу ықтималдығы – 62 пайыз, ал норвегиялықтардың мүмкіндігі – 38 пайыз.

Opta болжамы бойынша жартылай финалға шығу ықтималдығы:

Франция – 74%, Марокко – 26%;

Испания – 70%, Бельгия – 30%;

Аргентина – 69%, Швейцария – 31%;

Англия – 62%, Норвегия – 38%.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.

 

Фото: ФИФА

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар