Мәзір
ӘЧ-2026

ОАР құрамасымен әлем чемпионатына қатысқан футболшы қайтыс болды

Сабина Асқарқызы 63 қаралым
ОАР құрамасымен әлем чемпионатына қатысқан футболшы қайтыс болды

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) ұлттық құрамасы мен «Мамелоди Сандаунс» клубының жартылай қорғаушысы Джейден Адамс 25 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Футболшының қайтыс болу себебі әзірге жарияланған жоқ.

Джейден Адамс 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында ОАР құрамасының сапында өнер көрсетті. Ол топтық кезеңде үш матчқа қатысқанымен, 1/16 финалда Канадаға қарсы кездесуде (0:1) алаңға шыққан жоқ.

Жалпы ұлттық құрама сапында тоғыз ойын өткізіп, бір гол соққан.

Адамс – «Стелленбос» клубының түлегі. 2025 жылы «Мамелоди Сандаунс» командасына ауысып, 2025/26 жылғы маусымда клубпен бірге Африка чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар