457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Норвегиялық әуе компаниясы әлем чемпионатындағы бәстің шартын орындады

Екі әуе тасымалдаушысы ширек финал қарсаңында қызықты келісім жасаған болатын.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия құрамасы Англиядан жеңілгеннен кейін Norwegian Air әуе компаниясы бұған дейін жасалған бәстің шартын орындап, әлеуметтік желідегі ресми парақшасының логотипін бір тәулікке British Airways компаниясының логотипіне ауыстырды, деп хабарлайды malimsports.kz

Екі әуе тасымалдаушысы ширек финал қарсаңында қызықты келісім жасаған болатын. Бәске сәйкес, қай елдің құрамасы турнирден шығып қалса, сол елдің әуе компаниясы өз логотипін бір күнге қарсылас компанияның логотипіне ауыстыруы тиіс еді.

Норвегиялық компания әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Біз үшін турнир аяқталғанымен, бұл матч мәңгі жадымызда қалады. British Airways компаниясына жартылай финалда сәттілік тілейміз және кубокты елдеріңізге алып қайтады деп шын жүректен үміттенеміз», - деп жазды.

Аталған бастаманы алғаш болып Norwegian Air көтерген. Олар қарсыласына: «Егер Норвегия жеңсе, бір күнге логотиптеріңізді біздің логотипке ауыстырасыздар. Ал егер Англия жеңсе, біз солай істейміз. Келістік пе?» деген ұсыныс жасаған.

Өз кезегінде British Airways: «Жеңе алмайтын бәске отырмаңыздар» деп жауап берген. Норвегиялықтар «Демек, қорқып тұрсыздар ма?» дегенде, британдық компания «Қорқу? Әрине жоқ» деп жауап қатып, ресми түрде бәсті қабылдаған.

Ширек финалда Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді ағылшындар финал жолдамасы үшін Аргентина құрамасымен кездеседі.

Осылайша, әлеуметтік желіде басталған әзілге құрылған бәс футбол жанкүйерлерінің назарын аударып қана қоймай, спорттағы әділ бәсекелестік пен достық қарым-қатынастың жарқын үлгісіне айналды.

Фото: Getty Images