457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нидерланд құрамасы Швецияны ойсырата жеңді

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кездесуде нидерландтықтар ойын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қолына алды.

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Нидерланд құрамасы Швецияны 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кездесуде нидерландтықтар ойын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қолына алды. Брайан Бробби 5 және 17-минуттарда екі гол соғып, командасына сенімді басымдық сыйлады. Екінші таймда Коди Гакпо да дубль авторы атанып, 47 және 54-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Ал матчтың соңына қарай Крисенсио Саммервилл бесінші голды соқты. Швеция құрамасының сапынан жалғыз голды Энтони Эланга 57-минутта енгізді.

Бұл кездесуде Брайан Бробби әлем чемпионаттарындағы соңғы 20 жылдағы ең жылдам дубльдердің бірін тіркеді. Сондай-ақ Нидерланд құрамасы әлем чемпионаттары тарихындағы 100 голдық межеден асып, бұл көрсеткішке жеткен сегізінші ұлттық құрама атанды.

Екі турдан кейін Нидерланд құрамасы 4 ұпаймен өз тобында көш бастады. Швецияның еншісінде 3 ұпай бар. Үшінші турда нидерландтықтар Туниспен кездессе, Швеция Жапония құрамасымен ойнайды.

Фото: Getty Images