457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Месси IFFHS нұсқасы бойынша әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды

IFFHS мәлімдеуінше, бұл шешім эмоцияға немесе футболшының беделіне емес, турнирдегі нақты статистикалық көрсеткіштерге негізделген.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды, деп жазады malimsports.kz

IFFHS мәлімдеуінше, бұл шешім эмоцияға немесе футболшының беделіне емес, турнирдегі нақты статистикалық көрсеткіштерге негізделген.

«Федерацияның сарапшылар кеңесі ойыншылардың тиімділік көрсеткіштерін жан-жақты саралай отырып, бірауыздан осындай қорытындыға келді. Лионель Месси - IFFHS нұсқасы бойынша әлем чемпионатының үздік ойыншысы. Бұл шешім эмоцияға немесе атақ-абыройға емес, даусыз деректерге сүйеніп қабылданды», – деп жазылған ұйымның ресми мәлімдемесінде.

2026 жылғы әлем чемпионатында Месси сегіз матчқа қатысып, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ол турнирдің үздік сұрмергендері жарысында Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден кейінгі екінші орынға тұрақтады. Мбаппе әлем біріншілігінде 10 гол соғып, төрт нәтижелі пас авторы атанды.

39 жастағы Лионель Месси мансабындағы алтыншы әлем чемпионатына қатысты. Осылайша ол Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдумен бірге алты әлем чемпионатына қатысқан тарихтағы жалғыз футболшылар қатарында қалды.

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, 2022 жылы Катарда жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.

Месси ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін 207 матч өткізіп, 125 гол соқты.

Айта кетейік, Лионель Месси - сегіз мәрте «Алтын доп» иегері, футбол тарихындағы ең көп жүлде жеңіп алған ойыншы, 2022 жылғы әлем чемпионы, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы және Испания чемпионатының он дүркін чемпионы.

Фото: Getty Images