Мәзір
ӘЧ-2026

Месси алғашқы голдан кейін неліктен көз жасына ерік бергенін айтты

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Месси алғашқы голдан кейін неліктен көз жасына ерік бергенін айтты

Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матчта соққан алғашқы голынан кейін не себепті көзіне жас алғанын түсіндірді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Топтық кезең аясындағы кездесуде Аргентина құрамасы Алжирді 3:0 есебімен жеңді. Матч барысында Месси хет-трик авторы атанып, қарсылас қақпасына 17, 60 және 76-минуттарда гол соқты.

Алғашқы голдан кейін эмоциясын жасыра алмаған футболшы бұл жағдайдың футболға қатысы жоқ екенін айтты.

Иә, алғашқы голдан кейін көзіме жас келді. Бірақ бұл футболға байланысты емес. Соңғы күндері біраз қиын кезеңдерді бастан өткердім. Осындай сәтте жанымнан табылып, қолдау көрсеткен командадағы әріптестеріме және делегация мүшелеріне алғыс айтамын, - деді Месси.

Бұл кездесуде аргентиналық шабуылшы әлем чемпионаттарындағы алғашқы хет-тригін тіркеді. Сондай-ақ ол әлемдік додалар тарихындағы үздік сұрмергендердің бірімен теңескені айтылды.

Мессидің бұл ойындағы әсерлі өнері жанкүйерлер арасында кең талқыланып, оның кәсіби мансабындағы тағы бір маңызды жетістік ретінде бағаланып отыр. 

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар