457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Месси әлем чемпионатында тарихи рекорд орнатты

Аргентиналық шабуылшы өз мансабында алтыншы әлем чемпионатына қатысқан алғашқы футболшы ретінде тарихқа енді.

Аргентина құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионы Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттарындағы кезекті тарихи рекордтың иесі атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Аргентиналық шабуылшы өз мансабында алтыншы әлем чемпионатына қатысқан алғашқы футболшы ретінде тарихқа енді. Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина Алжир құрамасын ірі есеппен жеңіп, Месси хет-трик авторы атанды. Осылайша тәжірибелі шабуылшы өзінің әлемдік додалардағы статистикасын тағы да жақсарта түсті.

Месси әлем чемпионаттарының үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін екі рет (2014 және 2022 жылдары) жеңіп алған жалғыз футболшы саналады.

Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарында ең көп матч өткізген ойыншы. Аргентиналық футболшының еншісінде 26-дан астам кездесу бар. Бұған дейінгі рекорд неміс футболшысы Lothar Matthäusқа тиесілі болған.

Месси әлем чемпионаттарында алаңда ең көп уақыт өткізген футболшы ретінде де рекорд орнатты. Оның көрсеткіші 2314 минуттан асады.

Аргентина құрамасының капитаны тағы бір ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол әлем чемпионаттарында дебюттік және соңғы голдарының арасы ең ұзақ уақытты қамтыған ойыншы атанды. Мессидің алғашқы голы 2006 жылы Сербия және Черногория қақпасына соғылса, соңғысы 2022 жылғы финалда Франция құрамасына қарсы матчта тіркелді.

Сонымен қатар аргентиналық жұлдыз әлем чемпионаттарындағы «гол+пас» жүйесі бойынша да көш бастап тұр. Оның еншісінде 21 нәтижелі әрекет (13 гол және 8 нәтижелі пас) бар.

Месси ұлттық құраманың капитаны ретінде әлем чемпионаттарында ең көп матч өткізген футболшы саналады. Ол капитандық таңбамен 19 кездесуге қатысқан.

2022 жылғы Қатардағы әлем чемпионатында Месси тағы бір тарихи жетістікке жетті. Ол топтық кезеңнен бастап финалға дейінгі барлық сатыда гол соққан алғашқы футболшы болды.

Бұдан бөлек, аргентиналық шебер бес әлем чемпионатында қатарынан нәтижелі пас берген тарихтағы алғашқы ойыншы ретінде де рекорд орнатты.

Фото:  Getty Images