Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды.
Аргентиналық жұлдыз 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Австрияға қарсы матчта гол соғып, мундиальдардағы гол санын 17-ге жеткізді.
Осылайша, Месси бұған дейін Германия құрамасының аңызы Мирослав Клозеге тиесілі болған рекордты жаңартты. Клозе әлем чемпионаттарында 16 гол соққан болатын.
Айта кетерлігі, Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында төртінші мәрте мергендік танытып отыр. Бұл оның рекордтық көрсеткішін одан әрі жақсарта түсуіне мүмкіндік береді.
Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду тұр. Оның еншісінде мундиальдарда соғылған 15 гол бар.
Фото: ©instagram.com/afaseleccion
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған