«Мен бұған мән бермеймін»: Мбаппе Мессидің үздік сұрмерген атануына қатысты пікір білдірді
Франция құрамасының капитаны әрі мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе аргентиналық Лионель Мессидің әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Мбаппе Мессидің жеке статистикасына аса мән бермейтінін, ең бастысы – ұлттық құрамасының нәтижесі екенін атап өтті.
«Лео әрдайым гол соғады. Ол бұны бұрын да жасады, әлі де жалғастырады. Егер мен оның статистикасына назар аударсам, өзіме қосымша қысым түсірер едім. Мен бұған мән бермеймін, тек құрамаға көмектесуді ойлаймын», – деді Мбаппе.
Айта кетейік, бұл көрсеткіштер 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина – Аустрия матчы кезінде жаңарған. Сол ойында Месси дубль жасап, ұлттық құрамасына жеңіс әкелді.
Осылайша оның гол саны әлем чемпионаттарында 18-ге жетіп, бұрынғы рекорд иесі Мирослав Клозені (16 гол) басып озды.
Ал Мбаппе сол турда Ирақ құрамасына қарсы ойында екі гол соғып, әлем чемпионаттарындағы жалпы көрсеткішін 16 голға жеткізді.
Қазіргі таңда Месси 18 голмен көш бастап тұрса, Мбаппе 16 голмен екінші орында келеді. Екі футболшы да плей-офф кезеңіне шыққандықтан, рекорд үшін тартыс әлі жалғасады.
Фото: Dan Mullan / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған