Мексикада жанкүйерлер тобына көлік соғылып, 17 адам жарақат алды
Мексиканың Кабо-Сан-Лукас (Төменгі Калифорния штаты) қаласында футбол жанкүйерлерін көлік қағып өту салдарынан 17 адам жарақат алды. Оқиға ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде болған, деп жазады malimsports.kz.
Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында жүргізуші де бар, ол кейін соққыға жығылған. Қазіргі уақытта бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда көліктің жанкүйерлер тобына жақындап келіп, кейін кенеттен жылдамдықты арттырып, бірнеше адамды қағып өткені көрінеді. Оқиғадан кейін жүргізуші ұсталып, медициналық көмек көрсетілген.
Құзырлы органдар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.
Айта кетейік, Мексика құрамасы бұған дейін Чехияны 3:0 есебімен жеңіп, топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтап, бірінші орын алған болатын.
Мексика футбол федерациясы зардап шеккендерге тез сауығып кету тілегін білдірді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған