2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Филадельфияда өткен кездесуде француздар ойын тізгінін толық өз қолында ұстады. Дидье Дешам шәкірттері допты иелену мен қауіпті шабуылдар ұйымдастыруда қарсыласынан айқын басым болды.
Матч тағдырын 70-минутта Килиан Мбаппе шешті. Франция құрамасының капитаны пенальтиден мүлт кетпей, командасына жеңіс сыйлаған жалғыз голдың авторы атанды.
Парагвайлықтар қорғаныста табанды қарсылық көрсеткенімен, француздардың шабуылын толық тоқтата алмады. Кездесу барысында Франция допқа иелік ету көрсеткіші бойынша 76 пайызға жетіп, шабуылдағы басымдығын айқын көрсетті.
Осылайша, турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын Франция құрамасы ширек финалға шығып, енді Мароккомен кездеседі.
Фото Getty Images