Мбаппе Франция құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген атанды
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ұлттық құраманың тарихындағы ең үздік бомбардир атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Сенегалға қарсы матчта дубль жасаған Мбаппе Франция сапындағы голдарының санын 58-ге жеткізді. Ол бұл көрсеткішке 99 матчта қол жеткізді.
Осылайша, 27 жастағы шабуылшы Франция құрамасының бұрынғы рекордшысы Оливье Жируды басып озды. Жиру ұлттық құрама сапында 137 кездесуде 57 гол соққан болатын.
Сонымен қатар Мбаппе әлем чемпионаттарындағы голдар саны бойынша да тарихи көрсеткішке жетті. Қазіргі таңда оның еншісінде мундиальдарда соғылған 14 гол бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол германиялық Герд Мюллермен үшінші орынды бөлісіп тұр.
Француз шабуылшысы әлем чемпионаттарындағы голдар саны жөнінен Пелені (12 гол), Лионель Мессиді (13 гол) және Жюст Фонтенді (13 гол) артта қалдырды.
Бұл рейтингте бірінші орында 16 голмен Мирослав Клозе тұрса, екінші сатыда 15 голмен Роналдо орналасқан.
Айта кетейік, Мбаппе Франция құрамасымен бірге 2018 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.
Тақырып: Мбаппе Франция құрамасының тарихи рекордын жаңартты.
Фото: Getty Images
Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2028 іріктеу кезеңінің жеребесінде бірінші себетке түсті
Ең көп оқылған