Мәзір
ӘЧ-2026

Матчтан кейін жапон жанкүйерлері трибунаны жинап, әлемді тағы да таңғалдырды

Сабина Асқарқызы 68 қаралым
Матчтан кейін жапон жанкүйерлері трибунаны жинап, әлемді тағы да таңғалдырды

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Жапония – Нидерланд матчы аяқталған соң жапон жанкүйерлері стадиондағы трибуналарды тазалап шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Даллас қаласында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесуден кейін көрермендер орындарында қалған қоқысты арнайы қапшықтарға жинап, секторларды мұқият тазартты.

Бұл көрініс FIFA-ның ресми X парақшасында жарияланды. Онда жапон жанкүйерлерінің өздерімен бірге қоқыс салатын пакеттер әкеліп, стадионды таза күйде қалдырғаны көрсетілген.

Жанкүйерлердің бірі бұл әрекетті түсіндіріп, мұның мәдени дәстүр екенін атап өтті:

Біз жапондықтармыз, сондықтан отырған орнымызды таза қалдыру – құрмет белгісі, – деді ол.

Айта кетейік, мұндай жағдай жапон жанкүйерлері үшін жаңалық емес. Бұған дейін де олар әлем чемпионаттарында және өзге халықаралық матчтарда стадиондарды жинап кетіп, көпшіліктің ықыласына ие болған.

 

Фото: FIFA-ның X парақшасы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар