457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мануэль Нойер әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Германия ұлттық футбол құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер ұлттық командадағы мансабын 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға қайта оралған тәжірибелі футболшы қазіргі турнир өзінің Германия сапындағы соңғы жарысы болатынын айтты. Оның сөзінше, 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатысу жоспарында жоқ.

Бұл мен үшін ұлттық құрамадағы соңғы турнир болмақ. Екі жылдан кейін өтетін Еуропа чемпионатында ойнауды жоспарлап отырған жоқпын. Қазір қоштасу туралы емес, әр матчтан ләззат алу туралы көбірек ойлаймын, деді Нойер.

Айта кетейік, Нойер бұған дейін UEFA Euro 2024 аяқталған соң халықаралық мансабын тоқтатқанын хабарлаған еді. Алайда кейін шешімін өзгертіп, Солтүстік Америкада өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысу үшін Германия құрамасына қайта қосылды.

Қақпашы ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2009 жылдың маусымында өткізді. Содан бері Германия сапында 125 матчқа қатысып, бірнеше буынның көшбасшысына айналды.

2026 жылғы әлем чемпионатында Германияның Кюрасаомен өткен алғашқы матчында (7:1) негізгі құрамда алаңға шыққан Нойер әлем чемпионаттарындағы 20-матчын өткізді. Осы көрсеткіш арқылы ол қақпашылар арасындағы Уго Льорис рекордын қайталады.

Сонымен қатар ол тарихта бес әлем чемпионатына қатысқан екінші қақпашы атанды. Бұған дейін мұндай жетістік тек Антонио Карбахальдың еншісінде болған.

Матч өткен күні Нойер 40 жас 79 күнге толып, Германия құрамасы тарихындағы әлем және Еуропа чемпионаттарында ойнаған ең жасы үлкен футболшы ретінде жаңа рекорд орнатты.

Клубтық деңгейде Мануэль Нойер 2011 жылдан бері «Бавария» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол клубпен бірге бірнеше мәрте Германия чемпионы атанып, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал ұлттық құрамамен бірге 2014 жылы әлем чемпионы атанған.

 

Фото: Alexander Hassenstein / Getty Images