Мануэль Нойер әлем чемпионаттарының тарихи рекордын жаңартты
Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы қақпашылар арасындағы матч саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
40 жастағы тәжірибелі голкипер Кот-д’Ивуар құрамасына қарсы өткен топтық кезеңнің екінші турындағы кездесуде алаңға негізгі құрамда шығып, әлем чемпионаттарындағы 21-матчын өткізді. Осылайша ол Франция құрамасының бұрынғы қақпашысы Уго Льористің 20 ойындық көрсеткішінен асып түсті.
Мануэль Нойер Германия ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы матчын 2009 жылдың маусым айында өткізген. Содан бері ол ұлттық құрама жейдесінде 125 ойынға қатысып, бесінші әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр.
Нойер клубтық деңгейде Мюнхеннің «Бавариясы» сапында зор жетістіктерге жетті. Ол Германия чемпионы атағын 13 рет жеңіп алып, екі мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Ал Германия құрамасымен 2014 жылы әлем чемпионы болып, 2010 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, Нойер Еуропа чемпионаты-2024 аяқталғаннан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын жариялаған еді. Алайда тәжірибелі қақпашы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін қайта оралды. Сонымен қатар ол осы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын мәлімдеді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған