457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Луиш Нани Португалия мен Колумбия матчын стадионнан тамашалады

«Ақтөбе» клубының вингері Луиш Нани 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Португалия мен Колумбия құрамалары арасындағы матчты стадионнан тамашалады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы әлеуметтік желіде Майамидегі «Хард Рок» стадионынан сурет жариялады. Дәл осы аренада Португалия мен Колумбия кездесіп, матч 0:0 есебімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін Португалия құрамасы топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтап, өз тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасының 15-турындағы «Жетісуға» қарсы ойынды сары қағаздардың шегіне жеткендіктен өткізіп алған болатын.

Португалиялық футболшысыз алаңға шыққан «Ақтөбе» сырт алаңда «Жетісудан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

 

Фото: Фото: instagram/luisnani