457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кюрасао қақпашысы әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты

Канзас-Ситиде өткен кездесудің басты кейіпкері Кюрасао құрамасының қақпашысы Элой Ром болды.

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Эквадор мен Кюрасао құрамалары арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Канзас-Ситиде өткен кездесудің басты кейіпкері Кюрасао құрамасының қақпашысы Элой Ром болды. Ол матч барысында қарсыластың 15 соққысын қайтарып, әлем чемпионаттарының жаңа рекордын орнатты. Opta статистикалық платформасының мәліметінше, 1966 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан есеп бойынша негізгі уақыттағы бір ойында ешбір қақпашы мұншалықты көп сейв жасамаған.

Керемет ойынының арқасында Элой Ром матчтың үздік футболшысы атанды. Бұған дейінгі абсолютті рекорд АҚШ құрамасының бұрынғы қақпашысы Тим Ховардқа тиесілі болатын. Ол 2014 жылғы әлем чемпионатында Бельгияға қарсы кездесуде қосымша уақытты қоса есептегенде 16 сейв жасаған еді.

Ойыннан кейін Элой Ром бұл матчты өзінің мансабындағы ең үздік кездесулердің бірі деп бағалады.

– Бұл мен үшін ерекше естелік болып қалады. Ойын кезінде рекорд туралы ойламайсың, бірақ кейін еске алғанда керемет әсер береді. Қақпашы үшін бұл – мінсізге жақын матч. Енді Кюрасаода маған ескерткіш қою керек шығар, – деді қақпашы әзілмен.

Айта кетейік, халқы шамамен 156 мың адамды құрайтын Кюрасао әлем чемпионаттары тарихындағы ең шағын мемлекет саналады. Эквадормен тең түскеннен кейін құрама мундиальдегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Екі турдан кейін Е тобында Германия құрамасы 6 ұпаймен көш бастап тұр. Кот-д’Ивуарда – 3 ұпай, ал Эквадор мен Кюрасаоның еншісінде бір-бір ұпайдан бар. 26 маусымда Эквадор Германиямен, ал Кюрасао Кот-д’Ивуармен кездеседі.

Фото: Getty Images