Мәзір
ӘЧ-2026

Криштиану Роналду соңғы екі әлем чемпионатының қорытындысы бойынша антирекорд орнатты

Сабина Асқарқызы 57 қаралым
Криштиану Роналду соңғы екі әлем чемпионатының қорытындысы бойынша антирекорд орнатты

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду соңғы екі әлем чемпионатының қорытындысы бойынша антирекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Статистикалық Opta платформасының мәліметінше, 41 жастағы шабуылшы соңғы екі әлем чемпионатында алаңда 500 минуттан астам уақыт өткізіп, бірде-бір рет қарсыласын сәтті алдап өте алмаған жалғыз форвард атанды.

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жолын 1/8 финалда аяқтады. Команда бұл кезеңде Испанияға 0:1 есебімен есе жіберді. Аталған мундиаль Роналдудың мансабындағы алтыншы әрі соңғы әлем чемпионаты болды.

Криштиану Роналду әлем чемпионаттарында жалпы 27 матч өткізіп, 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Алайда 2026 жылғы турнирде шабуылшы 17 рет қақпаға соққы жасағанымен, командаластарына бірде-бір голдық мүмкіндік жасап бере алмаған.

Opta дерегіне сәйкес, бұл — 1966 жылдан бері әлем чемпионаттарында бір турнир аясында ең көп соққы жасап, бірақ әріптестеріне бірде-бір голдық мүмкіндік қалыптастырмаған ойыншының көрсеткіші.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құрама қатысатын форматта өтуде. Турнир АҚШ, Канада және Мексика аумағында ұйымдастырылып жатыр. Жарыстың финалдық кездесуі 19 шілде күні Нью-Йорк қаласында өтеді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар