Мәзір
ӘЧ-2026

Килиан Мбаппе Лионель Мессидің әлем чемпионаттарындағы рекордын жаңартты

Сабина Асқарқызы 66 қаралым
Килиан Мбаппе Лионель Мессидің әлем чемпионаттарындағы рекордын жаңартты

Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын үшін өткен Англияға қарсы матчта француз шабуылшысы дубль жасады. Осылайша Мбаппенің әлем чемпионаттарындағы гол саны 22-ге жетті.

Ол 21 гол соққан аргентиналық Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Қазіргі турнирде Мбаппе 10 голмен сұрмергендер көшін бастап тұр. Месси 8 голмен екінші орында.

Мбаппе сондай-ақ соңғы 56 жылда әлем чемпионатында бір турнирде 10 гол соққан алғашқы футболшы атанды. Бұған дейін мұндай нәтижеге 1970 жылғы әлем чемпионатында Германия құрамасының шабуылшысы Герд Мюллер қол жеткізген.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар