Катар құрамасы әлем чемпионатымен қоштасты
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы соңғы тур матчында Босния және Герцеговина құрамасы Катарды 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Канададағы Ванкувер қаласында өткен кездесуде жеңімпаздар сапынан Керим Алайбегович пен Эрмин Махмич мергендік танытты. Сонымен қатар катарлық қорғаушы Сұлтан Әл-Брейк өз қақпасына гол соқты. Ал Катар құрамасының жалғыз голын Хасан Әл-Хайдос енгізді.
Бұл жеңістен кейін Босния және Герцеговина төрт ұпай жинап, топта үшінші орын алды. Команда плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ол үшін үшінші орын алған құрамалар арасындағы үздік сегіздіктің қатарына енуі қажет.
Ал Катар құрамасы үш матчтан кейін бір ғана ұпай жинап, топтың соңғы сатысында қалып, әлем чемпионатымен қоштасты.
Айта кетейік, босниялық Керим Алайбегович (18 жас 276 күн) әлем чемпионаттары тарихында айып алаңынан тыс жерден гол соққан ең жас футболшы атанды.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған