Канадалық рэпер әлем чемпионатының финалында 1,5 миллион долларынан айырылды
Канадалық рэпер Дрейк тағы да сәтсіз спорттық бәс тігумен көпшіліктің назарын аударды. Бұл жолы ол 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасының негізгі уақытта жеңетініне 1,5 миллион доллар тігіп, ұтылып қалды, деп жазады malimsports.kz.
Матч алдында музыкант әлеуметтік желідегі парақшасында бәс тіккенінің скриншотын жариялаған. Егер Аргентина Испанияны негізгі уақытта жеңгенде, Дрейк 5 миллион доллардан астам ұтысқа ие болатын еді.
Алайда финалдың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта Ферран Торрес соққан жалғыз гол Испанияға жеңіс пен әлем чемпионы атағын сыйлады. Осылайша, Дрейктің кезекті бәсі сәтсіз аяқталды.
Бұл оқиға 2022 жылғы әлем чемпионатының финалын еске түсірді. Сол кезде де рэпер Аргентина құрамасының Францияны негізгі уақытта жеңетініне 1 миллион доллар тіккен болатын. Аргентина чемпион атанғанымен, негізгі уақыт тең аяқталып, жеңіс тек пенальти сериясында келгендіктен, ол бәс те ұтылмаған.
Осыған байланысты спорт жанкүйерлері арасында кең тараған «Дрейктің қарғысы» (Drake Curse) туралы әзіл-мем қайтадан қызу талқылана бастады. Бұл ұғым бойынша, рэпер көпшілік алдында қолдау білдірген немесе жеңісіне бәс тіккен команда не спортшының жолы болмай жатады.
«Дрейктің қарғысы» туралы әңгіме 2013 жылы оның NBA-дағы «Торонто Рэпторс» клубының амбассадоры болған кезінен басталған. Кейін бұл әзіл футбол, теннис, бокс және аралас жекпе-жек сияқты өзге де спорт түрлеріне кеңінен тарады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған