Мәзір
ӘЧ-2026

Кабо-Верде құрамасы Уругвайға қарсы ойында тең нәтижеге қол жеткізді

Сабина Асқарқызы 51 қаралым
Кабо-Верде құрамасы Уругвайға қарсы ойында тең нәтижеге қол жеткізді

Футболдан әлем чемпионатында H тобындағы екінші тур аясында Кабо-Верде мен Уругвай құрамалары өзара жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан мундиаль аясындағы кездесу Майами-Гарденстегі «Хард Рок» стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Уругвай сапынан алғашқы голды қорғаушы Максимилиано Араухо 44-минутта соқты. Кейін ол қосымша уақытта (45+6) Агустин Каноббионың голына нәтижелі пас берді.

Ал Кабо-Верде құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын жартылай қорғаушы Кевин Ленини 21-минутта енгізді. Команданың екінші голын шабуылшы Элио Варела 61-минутта соқты.
Бұл матч әлем чемпионаттары тарихындағы ерекше оқиғамен де есте қалды. Алғаш рет екі құраманың негізгі құрамында жасы 40-тағы қақпашылар алаңға шықты. Уругвай қақпасын Фернандо Муслера қорғаса, Кабо-Верде сапында Возинья ойнады.
Осы тең нәтижеден кейін екі команда да екі ұпайдан жинады. Қосымша көрсеткіштер бойынша Уругвай Кабо-Вердеден жоғары тұр. Топ көшін төрт ұпаймен Испания бастап келеді. Ал Сауд Арабиясының еншісінде бір ұпай бар.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар