457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кабо-Верде қақпашысы Возинья әлеуметтік желідегі жазылушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

Возинья қазіргі уақытта өнер көрсетіп жүрген қақпашылар арасында әлеуметтік желідегі ең көп жазылушысы бар футболшы атанды.

Кабо-Верде ұлттық құрамасының қақпашысы Возинья 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы жарқын ойынынан кейін Instagram желісіндегі жазылушылар саны бойынша рекорд жаңартты. Қазір 40 жастағы қақпашының парақшасына 20,4 миллион адам жазылған, деп жазады malimsports.kz

Осылайша, Возинья қазіргі уақытта өнер көрсетіп жүрген қақпашылар арасында әлеуметтік желідегі ең көп жазылушысы бар футболшы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша көш басында мадридтік «Реал» мен Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа болған еді. Оның Instagram-дағы оқырмандарының саны – 18 миллион. Ал мансабын аяқтаған қақпашылар арасында бұл көрсеткіш Икер Касильяспен теңесті – екеуінде де 20,4 миллион жазылушы бар.

Кабо-Верде құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. 1/16 финалда команда Аргентина құрамасына қосымша уақытта 2:3 есебімен жол бергенімен, Возинья матч барысында сегіз қауіпті соққыны қайтарып, көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Айта кетерлігі, әлем чемпионаты басталғанға дейін қақпашының Instagram парақшасында небәрі 50 мыңға жуық жазылушы болған. Алайда топтық кезеңдегі алғашқы турда Испания құрамасына қарсы кездесуде (0:0) өз қақпасына гол жібермей, сенсациялық нәтиже көрсеткеннен кейін оның танымалдығы күрт артты. Сол ойыннан кейін бір тәуліктің ішінде ғана Возиньяға 10 миллионнан астам адам жазылған.

Фото: Getty Images